KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 6 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

Биотехникалық шаралар өз нәтижесін беріп отыр

18.08.2013, 18:00 413


Шығыс Қазақстанда тұяқты жабайы жануарлардың көбеюіне жағдай туғызуға бағытталған биотехникалық шаралар өз нәтижесін беріп отыр , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Дала тағыларын қорғауға орай жыл сайын жүргізіліп келе жатқан жұмыстардың арқасында соңғы алты жылда бұлан 1484-тен 2524 басқа, бұғы 2391-ден 3808 басқа көбейген. 2006 жылы он мың көлемінде ғана болған еліктердің саны қазір 15 мыңға жуықтапты.

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының деректері бойынша, қазір Шығыста 379 құс түрі мен 110 түрлі сүт қоректілер мекендеуде. Сондай-ақ, сирек кездесетін әрі құрып бара жатқан 50-ден астам аңдар мен жануарлар бар.

Аймақта жануарлардың емін-еркін өсіп-өнуіне түз тағыларының да тигізіп отырған зияны көп. Өткен жеті ай ішінде 13 орман шаруашылығы аумағында 78 қасқыр, 412 жабайы ит атылған. Мамыр айында Күршім ауданына 99 сұңқар жіберіліп, суда жүзетін аңдарға арналып 300-ден астам жасанды ұя салынды.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив