KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность жел 2 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Меймандарды Алтын адамның өзі қарсы алады

18.08.2013, 18:00 235


Биыл өңірімізде «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық форумы екінші мәрте өтеді. 26–27 тамызда өтетін форумда алғаш рет көне көшпенділер дәуірінен сыр шертетін мұражай жәдігерлері назарға ұсынылады , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық мәдениет басқармасының хабарлауынша, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың бесінші корпусында үш көрме ұйымдастырылады. Көрменің бірінде Шығыс Қазақстан тарихи-өлкетану мұражайы дайындаған Шілікті, Берел қорғандарынан табылған қола мен сүйектен жасалған ат әбзелдері, алтын бұйымдар, тағы басқа құнды бұйымдар қойылады. Сондай-ақ, форумға қатысушылар қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптарымен толық таныса алады. Оның ішінде асатаяқ, даңғыра, нарқобыз, қоңырау сынды ұлтымыздың бірегей музыкалық аспаптары бар.

Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап кітапханасы мен Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы бірігіп өткізетін сирек кітаптар көрмесінен Алтай өңірін мекендеген халықтардың өмірі мен тұрмысы, халықтардың ұлы қоныс аударуы сынды тың деректерге қаныға аласыз.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ең бастысы, «Алтай – түркі әлемінің бесігі» ІІ халықаралық форумының ашылу салтанаты болмақ. Алыс-жақыннан жиналған меймандарды Шығыс жерінде әйгілі Алтын адамның өзі қарсы алады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив