KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
447.4 477.55 4.76

Семейде «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар Қанаты мүшелеріне семинар-тренингтер өткізілді

14.08.2013, 18:00 103


Семей қалалық «Нұр Отан» ХДП филиалының «Жас Отан» Жастар Қанаты және ШҚО саяси менеджмент мектебі «Жастар ауылға!» аты семинар-тренинг өткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің мәліметіне сілтеме жасап. Т

ренингке Шығыс Қазақстан облысы аудандық «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшылары келді. Сонымен қатар семинар-тренинг жұмысына ҚР Парламент мәжілісінің депутаты М.М. Бегентаев қатысты.

Семинар барысында «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры және «Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі» өкілдері өз бағдарламаларын жастарға кеңінен түсіндіріп, жас отбасыларға берілетін баспана мен кәсібін жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлерге көрсетілетін қаржылай қолдау тетіктерін таныстырып өтті.

«Нұр Отан» ХДП кеңесшісі Нұртаза Сұңғат «Жас Отан» ЖҚ мүшелеріне әлеуметтік желіледі тиімді пайдаланудың қыр-сырын үйретті. Семей қалалық ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары Айдар Садырбаев «Жаңа қазақстандық патриотизм – гүлденген мемлекеттің негізі» атты баяндамамен сөз сөйледі. Айдар Серікказыұлы жиналған жастарға ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан – 2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты» атты Жолдауының мақсатын, негізгі басымдықтарын түсіндіріп өтті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив