KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Пәтерін жалға берушілер енді полицияның назарынан тыс қалмайды

14.08.2013, 18:00 127


Бұдан былай пәтерін жалға беріп, пайда табатын жеке тұлғаларды учаскелік полиция анықтап, олар туралы мәліметті салық органдарына жолдап отыратын болады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ал салық органдары осы деректерге сүйене отырып, Салық кодексіне сәйкес мүліктік пайда табатын адаммен декларация ұсыну және жеке табыс салығын төлеу немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркеуге алу бойынша тиісті жұмыстар жүргізеді.

Егер тексеру кезінде жалға берушінің жеке кәсіпкер ретінде тіркелмегені немесе салықтық төлемдерді төлемегендігі анықталса, жеке тұлғаға аталған бұзушылықты жою туралы хабарлама жолданады.

Әзірге еліміздің Қаржы министрлігі мен Ішкі істер министрлігі арасында «Салық органдарының ішкі істер органдарымен баспананы жалға беретін жеке тұлғаларды анықтау бағытында бірлесіп әрекет етудің регламентін бекіту туралы» бірлескен жобасы бекітілген жоқ және қол да қойылмаған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив