KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

Жаңа оқу жылы қарсаңында «Абайлаңыз, балалар!» акциясы ұйымдастырылады

13.08.2013, 18:00 147


Шығыс Қазақстан облысында 20 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында облыстық ІІД Жол полициясы басқармасы «Абайлаңыз, балалар!» атты алдын алу іс-шараларын өткізеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облысы жол полициясы басқармасының мәліметіне сілтеме жасап.

Шараның мақсаты жаңа оқу жылының қарсаңында балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ересектердің назарын балалардың жол үстіндегі қауіпсіздігіне аудару болып табылады.

Акция барысында жол сақшылары ересек жол қатысушыларымен белсенді алдын алу жұмысын жүргізеді (дәрістер, автожүрістер), балалар мекемелері маңайында көше-жол жүйелерінің кешенді тексерулері жоспарланған, балалар көп жиналатын орындарға ерекше назар аударылады, балалардың жол-көлік жарақатын алдын алу бойынша ата-аналар жиналыстарын, семинарларды, кеңестерді, сабақтарды жүргізуде білім органдарына әдістемелік және практикалық көмек көрсетіледі, сондай-ақ балалар-жүргіншілер тарапынан жасалатын жол қозғалысы ережелерінің бұзушылығын алдын алу жұмысына жол қауіпсіздігі бойынша халық жасақтары қатыстырылады. Барлық іс-шаралар өз өміріне, айналадағы адамдар мен жақындардың өміріне жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге бағытталады.

«Абайлаңыз, балалар!» алдын алу іс-шарасының тиімділігін арттыру мақсатында жол полициясы басқармасы азаматтық қоғамның мемлекеттік және мемлекеттік емес институттарын осы акцияға белсенді түрде қатысуға шақырады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив