KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 10 м/с, С
444.22 476.38 4.82

Өскемен қаласында Достық үйлерінің Бірінші Конгресі өтті

12.08.2013, 18:00 219


Достық үйлерінің барлық жұмысы концерттік шарамен шектеледі деген жұрт арасында қалыптасқан стереотипті жою керек. Бұл ойымен ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісі Аязбаев Еркінбек Мұқатайұлы Өскемен қаласында өткен Достық үйлерінің Бірінші Конгресінде бөлісті.

Шығыс Қазақстан облысы басшылығының қолдау көрсетуімен республиканың түкпір-түкпіріндегі Ассамблея өкілдері, Достық үйлері қызметкерлерінің басын қосқан ауқымды шараның өткізілу мақсаты - ең алдымен Достық үйлері қызметінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ, тәжірибе алмасып, жұмысты жандандыру. Конгресс аясында қатысушылар Достық үйлерінің функционалдық маңызын, даму болашағы туралы ой жарыстырды.

-Достық үйлеріне нақты түсінік беріп, негізгі функцияларын анықтау қажет. Достық үйлері мемлекеттік ұлттық саясатты жүзеге асырушы, тілдерді дамыту, материалдық емес құндылықтарды сақтап, дамыту бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарушы органына айналуы тиіс, - деді Е.Аязбаев Конгрес аясында өткен дөңгелек үстелде.

Қатысушылар сондай-ақ Достық үйлерінің республикалық әдістемелік директорлар кеңесін құру, Достық үйлері қызметінің тұжырымдамасын жасау сынды мәселелерді талқылады, Шығыс аймағындағы бірінші Достық үйінің жұмысымен танысып, этноауылға саяхат жасады.


ШҚО ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив