KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 10 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Кезекті Арбат фестивалі жеміс-жидектер мен гүлдерге арналмақ

8.08.2013, 18:00 148


Өскемен қаласында сенбі сайын өткізіліп келе жатқан кезекті Арбат фестивалі жеміс-жидектер мен гүлдерге арналмақ. Бұл жайында облыстық жастар орталығында мәлімдеді , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, өскемендіктер мен қала қонақтары сонымен қатар Күршім мен Зайсанның дәмі бал татитын қарбыздарын да ертең осы жерден таба алады. Мұнымен қоса облыс орталығының бірнеше гүл дүкендері өздерінің тауарларының көрмесін көпшіліктің назарына ұсынбақ.

Көңіл-сауық бағдарламасында караокемен ән салу, басқа да концерттік шаралар қарастырылған.

Фестиваль әдеттегідей сағат 12-00-де Киров пен Горький көшелерінің қиылысында өтеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив