KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность жел 5 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Ұлан ауданында үш ауылдық округке жаңа басшы сайланды

7.08.2013, 18:00 97


Ұлан ауданындағы әкімдер сайлауында 48 үміткер бақ сынады. Сайлауға жалпы жиыны 16 округ пен кенттің әрқайсысынан үш үміткерден түсті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

– Халық бізге сенім білдірді. Енді сол сенімнің үдесінен шығуға міндеттіміз. Осыған дейін ауыл мен кенттің, аудандық маңызға ие қалалардың әкімдері тағайындау арқылы қыз-метке келетін. Ал бүгінгі өзгерістің нәтижесінде әкімдікке үміткерлерді аудан басшысы ұсынғанымен, оны таңдайтын – депутаттар. Депутаттар өз кезегінде халықтың жағдайын ойлайтын, сайлауалды бағдарламасы ақылға қонымды кандидаттарды таң-дауға мүдделі. Өйткені, біз таңдаған әкімдердің жұмысына ел көңілі толмай жатса, жіптің бір ұшы өзімізге тиетіні анық, – дейді аудандық мәслихат хатшысы Нәзигүл Сейсембина.

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Гаухарья Лутфиллина бүгінгі сайлаудың ұйымдасқан түрде өтуіне тыңғылықты дайындықтың нәтижесінде қол жеткізілгенін айтады. Ол әсіресе, ауданда орталық және облыстық аумақтық сайлау комиссияның өкілдері өткізген тәжірибелік семинардың пайдасы зор болғанын айтады.

Гагарин сайлау округінің депутаты Оразай Сыдықов дауыс беруге қатыспас бұрын барлық үміткерлермен жүзбе-жүз сұхбаттасып, сайлауалды бағдарламаларын тыңғылықты зерделегендерін жеткізді.

– Елімізде мұндай сайлау бірінші рет өткізіліп отырғандықтан, бұл іске барлық әріптестерім үлкен жауапкершілікпен қарап отыр. Біз бүгін елдің қамы үшін таңдау жасап отырғанымызды түсінеміз. Өйткені, бұл таңдау аудандағы 16 ауылдық округтің, халықтың тағдырына әсер етеді, – дейді депутат.

Сайлауға түскен 48 кандидаттың 20-сы нәзік жанды болса, үшеуі Өскемен қаласының тұрғындары екен.
Көп кешікпей сайлау нәтижесі де белгілі болды. 16 ауылдық округ пен кенттің 13-інде бұрынғы әкімдер орынтағын сақтап қалса, тек үш ауылдық округке жаңа басшы сайланды. Сайлауға дербес бақылаушы ретінде атсалысқан «Ұлан жастары» ұйымы бюллетеньдері санау, дауыс беру барысында ешқандай заң-
ға қайшы әрекет болмағанын мәлімдеді.

Есімжан Нақтыбайұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив