Өскемен
+23°
ясно ветер 2,9 м/с, ЮВ
447.71 478.69 5.51

Глубокое ауданында 7 жаңа әкім сайланды

6.08.2013, 18:00 66 0


7-тамызда Глубокое ауданында аудандық маңыздағы кент және ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Сайлауға аудандық мәслихат хатшысы Ә.А. Баймолдинов, аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Н.М. Грохотова, мәслихат депутаттары, бақылаушылар қатысты.

Жергілікті билікке қол жеткізу үшін 17 округтен барлығы 51 үміткер тіркелген болатын.

Арнайы сайлау комиссиясының мүшелері сайлау үдерісі барысында бақылау жүргізіп, сараптама жасап, сайлаудың қорытынды нәтижелерін жариялады.

Дауыс беру қорытындысы бойынша қызмет етіп жүрген және өзін үміткерлікке ұсынған әкімдердің ішінде 10 әкім өз қызметтерінде қалса, 7 әкім - бірінші рет жаңадан сайланып отырғандардың қатарында.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




66
0
00


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив