KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 2 м/с, В
448.89 477.93 4.76

II «Алтай - Түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық форумы Шығыс Қазақстанда өтеді

4.08.2013, 18:00 252


Күллі Түркі елдерінің басын қосып, ортақ құндылықтарды еске түсіріп, жақындастыратын, мәдени мұраны жандандыруға бағытталған II «Алтай - Түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық форумы Шығыс Қазақстан облысында 22-24 тамыз күндері өткізілмек.

Түркі елдерінің басын қосатын аты-шулы іс-шараға әзірлік жөнінде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар аймақ басшысының төрағалығымен өткен кеңейтілген отырыста мәлімдеді.

Аталмыш форумға 20 ға жуық шетел өкілдері (Ресей, Жапония, Тыва, Татарстан, Қырғызстан, Түркия, Хакасия, Башкортостан, Алтай аймағы, ОАР, Түркменстан, Жапония, Әзірбайжан, Қырғызстан, Корея елдерінен ғалымдар, елшілер, қоғам қайраткерлері, музыкалық фестивальдің әртістері қатысады.

Катонқарағай ауданында ұйымдастырылатын музыкалық фестивальға Қазақстан, Түркия, Якутия, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Башқұртстан, Әзербайжан елдерінен барлығы 38 өнерпаз қатысады деп жоспарланған.

ШҚО ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив