KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

«Тұрғын-үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңына өзгерістер енгізілді

3.08.2013, 18:00 354


«Тұрғын-үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі №121-V Заңының 55-бабымен (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шіл-дедегі Заңы) өзгерістер енгізілді.

Заңның 1-бабының 8) тармақшасының қабылданған редакциясында тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу бойынша тараптардың қатынастары белгіленген. Ол бойынша бір тарап тұрғын ғимарат салуды, нәтижесінде тұрғын үй-жай түрінде екінші тарапқа беруді міндетіне алады.

Заңның 2-бабының 3-тармағының жаңа редакциямен мемлекеттік сатып алуды және мемлекет қатысатын компаниялар тұрғын үйдің жүз пайызын сатып алу бойынша жүргізетін және екінші деңгейдегі банктер ашық кредиттік желі негізінде жүз пайыз қаржыландыруды жүзеге асыратын сатып алуды қоспағанда, тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысуға жататын барлық қатынастарға қолданылатыны белгіленген.

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі Заңының 3-бабына сәйкес енгізілген өзгерістер алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«Казахстанская Правда» газетінің 2013 жылғы 5 шілдедегі №226 және «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 4 шілдедегі №164 нөмірлерінде акт ресми жарияланды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив