KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 4 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Қаңғыбастарды бейімдеу орталығы Белоусовка кентінде ашылды

24.07.2013, 18:00 142


Белоусовка кентінде қаңғыбастарды бейімдеу орталығы ашылды. Мекеме қызметкерлері үйсіз-күйсіз жүргендерге жататын орын, тамақ тауып беріп, киіндіріп, жуындырумен қатар, зейнетақы, тұрғылықты жерге тіркеу бойынша құжаттарын ресімдеуге көмектеседі, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл орталық Өскемен қаласы әкімдігінің балансында, сондықтан барлық жұмыстар облыс орталығында атқарылады. 28 маусымнан «Әлеуметтік патруль» жедел тобы ұдайы қалаға шығуды бастаған. Олар қаңғыбастарды тауып, медициналық тексеруден өткізген соң, Белоусовкаға алып келеді.

Қаңғыбастар орталықта бір жылға дейін тұрады. Осы аралықта мекеме өкілдері олардың бүкіл қажетті құжаттарын ресімдеуге тырысады, тіпті кейбіреулеріне жұмысқа тұруға, тегін курстарда оқуға көмектеседі екен.

Орталық мамандары көшеде қаңғып жүрген адамдар болса, 8(72331)5-37-94 телефон нөміріне хабарласу керектігін айтады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив