KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 11 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Қыста көмірден Өскеменде қиындық көру мүмкін

19.07.2013, 18:00 131


Биыл Өскеменде көмір қоры өткен жылмен салыстырғанда аз болмақ, ал жеңілдікпен алатындарға қатты отын мүлдем кешіктіріліп жеткізілмек, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл жағдай Қаражыра кенішіне облыс елді мекендерінің, негізінен Семей мен Курчатов қалаларының қатты отын үшін қарыз мөлшерінің тым көбейіп кетуімен байланысты туындап отыр. Сол себепті ағымдағы жылы берешегі мол елді мекендерге тас көмір тасымалдау біраз шектелмек.

Былтыр облыс орталығына ай сайын 75 мың тонна көмір жеткізілген болса, биыл ол 50 мың тоннадай ғана болмақ.

Алайда, қала басшылығы Өскеменнің ешкімге қарызы жоқ екендігін мәлімдеп, бұл мәселе бойынша облыс әкімдігіне шығатынын, керек болса, Қаражыраға барып, мәселені шешуге дайын екенін айтты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив