Өскемен
+9°
облачно с прояснениями ветер 3 м/с, С
457.29 490.35 5.97

Биыл қанттың бағасы жылдағыдан арзан

3.07.2013, 18:00 27 0


Өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда елімізде азық-түлік тауарларының бағасы 4,5 пайызға қымбаттаған. Алайда қанттікі 6,6% пайызға төмендепті. Бұл туралы Статистика агенттігі хабарлады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, 2012 жылғы маусыммен салыстырғанда биыл ұн бағасы 16,3 пайызға, жеміс пен көкөніс 12,4 пайызға, макарон өнімдері 11,5 пайызға, тоқаш және нан өнімдері 5 пайызға, балық пен теңіз өнім-
дері 4,6 пайызға, май және тоң май 4,1 пайызға, алкогольдік ішім-діктер 4 пайызға, сүт өнімдері 3,9 пайызға, кондитерлік өнімдер 3,2 пайызға, ет өнімдері 3,3 пайызға өскен.

Бір таңғаларлығы, азық-түлік тауарларының ішінде бағасы арзандағандары да бар екен. Айталық, жарманың құны 10,4% пайызға, қанттікі 6,6% пайызға төмендепті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив