KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппарат жетекшісі өз орнына қайта тағайындалды

30.06.2013, 18:00 218


Мемлекеттік қызметкерлердің А корпусына сынақтан сүрінбей өткен Ержан Жұматұлы Жылқыбаев Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппарат жетекшісі болып қайтадан тағайындалды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ержан Жұматұлы 1982 жылы туған. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясын мемлекеттік және және жергілікті басқару магистры мамандығы бойынша, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін юриспруденция мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық экономика департаментінде бас маман қызметінен бастаған ол Шығыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі, Семей қаласы әкімінің орынбасары лауазымдарына дейін өсті. 2012 жылдың 30 қаңтарынан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппарат жетекшісі болып тағайындалған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив