KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

Жәрмеңкеде 55 адам жұмыспен қамтамасыз етілді

30.06.2013, 18:00 258


Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кентінде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке барысында жұмыссыз жүрген 55 адам жұмыспен қамтылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жұмыссыздарға жұмыс орнын, ал жұмыс берушілерге өздеріне қажетті мамандар тауып беру мақсат етілген жәрмеңкеге барлығы 164 адам қатысты. Оның ішінде 58 жұмыс беруші, 23 оралман және ауыл шаруашылығы колледжінің 10 түлегі бар.

Жәрмеңке барысында жұмыссыз жүрген 55 адам: атап айтқанда, тұрақты жұмысқа – 27, жастардың іс-тә-жірибесіне 8, әлеуметтік жұмыс орындарына 20 («Достық», «Дина», «Калантаевский», «Виктория» және «Парасат» шаруа қожалықтарына, «Өскемен құс фабрикасы» мен «Қазпошта» акционерлік қоғамдарына, Амангелді атындағы негізгі мектебіне, «Жексембинов» жеке кәсіпкері мен «Жексембинов» шаруа қожалығына және ауданның басқа кәсіпорындарына) жұмысқа баруға ниет білдіріп, келісімшартқа отырды. Сондай-ақ, үш жұмыссыз қысқа мерзімдік шаштараз, аспаз, 1С есепшісі мамандықтарына оқуға өтініш білдірді.

Сөйтіп, бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің нәтижесінде аудан көлемінде тіркелген жұмыссыздар саны 55 адамға азайды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив