Елбасының Жарлығымен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып Тамара Дүйсенова тағайындалды , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Жаңа басшыны ұжымға Премьер-Министр Серік Ахметов таныстырды. Тамара Дүйсенова министрлікте 2002 жылдан бері қызмет істейді.
"Елбасы «ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заңға қол қойды. Осы заңды жүзеге асыру үшін бірқатар нормативтік-құқықтық актілер қабылдануы тиіс. Зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша жұмыс жүргізу керек. Жақын арада «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы қабылданды. Енді оны толығымен жүзеге асыру керек", деді Серік Ахметов жаңа министрге.
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz