KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 11 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Жарыс жолында - полиция қызметкерлері

23.06.2013, 18:00 109


Шығыс Қазақстанның полицейлері кәсіби мерекелері қарсаңында жеңіл атлетикадан жарысқа түсті. Олар Өскемен мен Семейдің орталық көше-лерінде эстафеталық жүгіріске қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Сайыс тәртібіне сәйкес командалар құрамындағы алты адамның әрқайсысы 800 метрдей қашықтықты бағындыруы керек. Айта кететін бір ерекшелік, қатысушылардың бәрі бірдей қызметтік киімдермен жүгірді. Ондағы мақсат тәртіп сақшыларының кез келген жағдайда қылмыскерді ұстауға дайын екендігін іс жүзінде көрсету.

Жарыс қорытындысы бойынша Өскеменде бірінші орынды «Арлан» арнайы бөлімшесінің жасағы иеленсе, Семей қаласындағы бәсекеде патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің мерейі үстем болды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив