KZ
Өскемен
-5°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Түлектер балы өткізіледі

17.06.2013, 18:00 115


Ертең, 19 мамырда Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы облыс әкімі Б. Сапарбаевтың қатысуымен облыс мектептері түлектернің -- «Алтын белгі» аттестаты иегерлерінің және халықаралық, республикалық олимпиадалар мен жарыстар жүлдегерлерінің балын өткізуді жоспарлап отыр.

Түлектер балына 260 оқушы қатысады. Олардың 94-і – «Алтын белгі» аттестатының иегерлері. Сондай-ақ, халықаралық және республикалық зияткерлік, спорттық олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың 172 жүлдегері бар.

Түлектер арасында Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша облыста ең жоғарғы 123 ұпай жинаған – Жарма ауданы Маяковский атындағы орта мектептің оқушысы Байгалиев Мағжан, 121 ұпайға ие болған Өскемендегі 3- мектеп-гимназия оқушысы – Кайыргалиева Дана, 120 ұпайдан жинаған Мұратпекова Айгерім – аталған мектеп-гимназияның оқушысы, Рахатқызы Мақпал – Зырян ауданы №9 орта мектептің оқушысы және Жарма ауданы Абай атындағы мектеп-гимназияның оқушысы Амин Ислам сияқты озаттар бар.

Түлектер балына қонақ ретінде облысымыздың танымал адамдары, кәсіпкерлер, еңбек ардагерлері, шығармашылықпен қызмет атқарып жүрген мұғалімдер шақырылды. Облыс әкімі Б. Сапарбаев бал қатысушыларына «Алтын белгі» төсбелгісі мен бағалы сыйлықтар тапсырмақ.

Бал соңында мерекелік отшашу мен би кеші өткізіледі.
Түлектер балы Өскемен қаласындағы, Амфитеатр алаңында сағат 19.30-да өтеді.

Мәлімет көзі Altaynews. kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив