KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
447.4 477.55 4.76

Мәриям -- Өскеменнің кішкентай ханшайымы

16.06.2013, 18:00 228


«Флер» сән агенттігінің ұйымдастыруымен «Өскеменнің кішкентай ханшайымы-2013» байқауы биыл оныншы рет өткізіліп, оған 4-10 жас аралығындағы қыздар қатысты деп хабарлайды «Altaynews» тілшісі.

Байқауда балғын ханшайымдар қазақтың ұлттық киімдерін киіп, сән көйлектерінің үлгісін көрсету арқылы өздерін таныстырды. Ал олардың кешке киетін әдемі киімдермен бал билерін билеуі тіптен көркем болып, жиналғандардың жүрегіне жетіп жатты.

Сонымен, қазылар алқасының шешімімен «Өскеменнің кішкентай ханшайымы-2013» тәжі бес жасар Мәриям Тұрғамбекке бұйырса, төрт жасар Ариана Корешкова «Кішкентай ханшайым» атағына ие болды. Ал І және ІІ вице-мисс атағын Жасмин Мусина мен Анастасия Лесникова бөлісті.

Мәриям Тұрғамбекке «Өскемен ханшайымы-2013» тәжін 2006 жылы «Өскеменнің кішкентай ханшайымы» атанып, республикалық сайыста облыс намысын қорғаған, бүгінде «Флер» модель агенттігінде жұмыс істеп жүрген Сабина Оразбаева табыстады.

Мәлімет көзі -- Altaynews. kz
Эльмира Қызаева




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив