KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
449.58 486.94 4.86

Облыстың медицина қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтті

14.06.2013, 18:00 90


Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев облыстың медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Медицина қызметкерлерінің мерекесі биыл Халықаралық донор күнімен тұспа-тұс келді.

Үстіміздегі жылы облыста денсаулық саласын қаржыландыру 11 пайызға артып отыр. Ағымдағы жылы осы салаға мемлекет қоржынынан 53 млрд. Теңге бөлінген. Екі жыл ішінде Шығыс Қазақстанда 29 ауылдық дәрігерлік амбулатория салу жоспарланған.
Кәсіби мереке күні облыстағы медицина саласының үздік өкілдері облыс әкімінің Алғыс хаттарымен, ҚР Денсаулық министрлігінің төс белгілерімен, облыстық денсаулық сақтау басқармасының Алғыс хатарымен марапатталды.

Осындай айтулы мерекеде облыстың бас акушер-гинекологы Серікбол Құрқұмбаев екі бөлмелі қызметтік пәтердің кілтіне қол жеткізсе, аягөздік фельдшер Алма Карипованың еңбегі ҚР Премьер-министрінің Алғыс хатмен атап өтілді.

ШҚО ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив