Өскемен
+34°
переменная облачность ветер 2 м/с, Ю
444.85 477.19 5.42

А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Отүкен» («Otüken») атты республикалық әдеби журналдың тұсаукесер рәсімі өтті

12.06.2013, 18:00 126 0


Бүгін А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Отүкен» («Otüken») атты республикалық әдеби журналдың тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Отүкен» - үш айда бір рет жарық көріп тұратын, Қазақстанның 14 облысының орталықтарына, Астана мен Алматы қалаларының оқырмандарына, кітапханаларына 2000 данамен тарайтын әдеби-көркем журнал.

«Отүкен» («Otüken») журналының құрылтайшылары – Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігі мен Қазақстан Жазушылар одағының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы.

А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Отүкен» («Otüken») атты республикалық  әдеби журналдың  тұсаукесер рәсімі өтті
А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Отүкен» («Otüken») атты республикалық  әдеби журналдың  тұсаукесер рәсімі өтті
А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Отүкен» («Otüken») атты республикалық  әдеби журналдың  тұсаукесер рәсімі өтті
А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Отүкен» («Otüken») атты республикалық  әдеби журналдың  тұсаукесер рәсімі өтті

Тұсаукесер рәсімінде жерлес жазушылар Серік Ғабдуллин, Борис Щербаков, Айтмұхамет Қасымов болды. Олар дарынды жазушылардың, әсіресе, жастардың шығармаларының жарыққа шығуына ықпал ететін жаңа басылымның дүниеге келгеніне қуаныштарын білдірді.

Жиналғандар журналдың құрылтайшылары мен басылымның бас редакторы, ақын, жазушы Нұржан Қуантайұлына тамаша туындылармен сусындау мүмкіндігі үшін алғыстарын жеткізді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




126
0
00


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив