KZ
Өскемен
-6°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Мұғалімдердің жалақысы 30-100%-ға дейін артуы мүмкін

11.06.2013, 18:00 123


Мұғалімдердің жалақысы 30-100%-ға дейін көбеюі мүмкін. Елімізде білім саласы мамандарының біліктілігін арттырудың жаңа әдісі енгізілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл әдіс біліктілікті арттырып қана қоймай, сонымен қатар еңбекақы да жоғарлатылмақ. Бұл жөнінде бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі өткізген брифингте ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Әлия Ғалымова мәлім етті.

Жаңа жүйені Назарбаев зияткерлік мектебі мен Кембридж университеті бірлесіп, халықаралық білім беру стандарттарына сәйкес әзірледі.

«Мұғалімдер курс аяқтаған соң, біліктілік емтиханын тапсырады және бағдарлама деңгейіне байланысты жалақыға 30%, 70% және 100% қосымша ақы алуға құқық беретін сертификаттар алады» деді жауапты хатшы.

Қазақстанда биыл 3000 мектеп директоры мен оқу ісінің меңгерушісі біліктілігін арттырады. Сонымен қатар елімізде «Үздік ұстаз» байқауы жарияланды. Осы жылы байқау тамыз айында қорытындыланады. Грант көлемі 1 700 000 теңгені құрайды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив