KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 11 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов қызметінен босатылды

10.06.2013, 18:00 176


Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Серік Әбденов Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Бұл туралы ақпаратты Ақорда сайты жариялап отыр. Аталған ведомствоның тізгінін уақытша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Тамара Дүйсенова қолға алды.

Ол Елбасының Өкімімен енді министрдің міндетін уақытша атқарады. Министрлік ұжымына уақытша басшыны ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов таныстырды. Ведомство қызметкерлерімен кездескен ҚР Үкімет басшысы зейнетақы жүйесін жаңғыртуға қатысты іс-шараларды ары қарай дамытып, жобаға қатысты концепция әзірлеуді тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы 7 маусым күні ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген «Зейнетақы жүйесін жаңғыртуға қатысты» заң жобасын ҚР Парламентіне қайтарып, әйелдердің зейнет жасын кезең-кезеңімен ұзартуды 2018 жылдан бастауды ұсынды.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив