KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 3 м/с, З
446.49 475.38 4.79

«Жас ұлан» республикалық әскери-спорттық ойынының ақтық кезеңі Семейде өтеді

10.06.2013, 18:00 146


"Жас ұлан» республикалық әскери-спорттық ойынның ақтық кезеңі 25-28 маусымда Семей қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Жас ұлан» мектеп-лицей-интернат базасында өтеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ойын жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру жұмысының сапасын арттыру, оларды Қазақстан Республикасының қарулы күштер қатарындағы қызметке дайындау, қолданбалы әскери спорт түрлерін көпшілікке тарату және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Сайыс балалар мен жастардың патриоттық санасын қалыптастыруға, еліміздің тарихын құрметтеуге, әлеуметтік маңызы бар азаматтық, ұлтаралық татулық сияқты құндылықтарды дамытуға, әскери қызметтің беделін көтеру, әскери-патриоттық клубтар арасында тәжірибе алмасу арқылы өңірлердегі әскери-патриоттық тәрбие беру жұмыстарын жандандыруға және жетілдіруге, үздік әскери-патриоттық клубтардың тәжірибесін зерделеу, тарату мен енгізуге бағытталған.

Ойынның ақтық кезеңіне облыстарда, Астана және Алматы қалаларында өткізілген іріктеу турларының жеңімпаз командалары, барлығы 160 адам қатысады.

Жарыс бағдарламасында саптық, атыс даярлығы бойынша жеке-топтық сайыстар, әскери кросс, турникке тартылу, жүзу, саптағы байқау мен ән салу, командаларды таныстыру бойынша жарыстар және командалардың тұсаукесері, «Біздің туған аулада батыр тұлға тұрады!» деп аталатын тарихи-өлкетану зерттеу жобасын қорғау қарастырылған.
2013 жылғы 28 маусым күні «Жасұлан» республикалық әскери-спорттық ойынның ақтық кезеңінің жабылу салтанатында жеңімпаздар дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Бірінші орын алған команда ағымдағы жылдың және келесі жылдың бірінші жартысында халықаралық сайыстарға, жақын және алыс шетелдердегі слеттергеқатысуға мүмкіндік алады.

«Жасұлан» республикалық әскери-спорттық ойыннның ақтық кезеңі туралы қосымша ақпаратты мына мекен-жай бойынша алуға болады: Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 16/1. Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы. Байланыс телефондары: 8(7172) 44-53-38, 44-53-42, электронды мекен-жайы: vpn.rumcdo@mail.ru, spo.rumcdo@mail.ru

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив