KZ
Өскемен
+2°
переменная облачность жел 2 м/с, З
444.32 473.33 4.76

Семей өңіріндегі шаруа қожалығының аумағынан жұмысшының жанып кеткен мәйіті табылды

6.06.2013, 18:00 198


Семей өңіріндегі шаруа қожалығының аумағынан жұмысшының жанып кеткен мәйіті табылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД-нің баспасөз хабарламасында көрсетілгендей, Жиенәлі ауылдық округіндегі шаруа қожалықтарының басшысы иелігіндегі аумақты тексеріп шыққан кезде, өртеніп кеткен ғимараттың ішінен жанып кеткен адамның мүрдесін көрген. Оқиға орнына жеткен семейлік тергеушілер шаруа қожалығының аумағындағы жұмысшыларға арналған уақытша баспананың ағаш құрандылары өртенгенін анықтады. Ішінен 35 жастағы жұмысшының жанып кеткен денесі табылды.

Мамандар өрттің шығу себептері ретінде қасақана өртелген немесе отты абайсыз қолданған деген болжамдарды тексеріп жатыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив