KZ
Өскемен
+7°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Шығысқазақстандық зілтеміршілер алдыңғы сапта

4.06.2013, 18:00 128


Талдықорған қаласында ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты аяқталды. Бұл жарыста біздің облыстың зілтемір көтерушілері жүлделі орындарды иеленді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ерлер арасында 94 келі салмақта сынға түскен Денис Уланов өз мүмкіндігін жете пайдаланып, жалпы есепте 350 келі көтеріп, топ жарды. Алматы облысынан Андрей Леонов 335 келі көрсеткішімен екінші орынды иеленді. Оңтүстік Қазақстан облысының спортшысы Айбек Махамедов (көтергені – 325 келі) үшінші орын алды.

105 келіден жоғарғы салмақта өскемендік Дмит-рий Каплин екінші орынды еншіледі. Оның жалпы көтергені – 386 келі. Ал Алматы облысынан Ибрагим Берсанов 402 келіні көтеріп, бірінші орынды иеленді. Тараздық Асланбек Арсемирзаев (385 келі) үшінші орынға табан тіреді. 105 келі салмақта жерлесіміз Ринат Қалиекберов үшінші орынға ие болды.

Ерлер арасында Тимур Хасаров (56 келі, Алматы облысы), Арли Чонтей (62 келі, Оңтүстік Қазақстан облысы), Фархат Харки (69 келі, Ақтөбе қаласы), Ғалымбек Жұбатқанов (77 келі, Қызылорда облысы), Кирилл Павлов (85 келі, Алматы қаласы) бірінші орын алды.

Ал әйелдер арасында біздің облыстың спортшылары өз салмақ дәрежелері бойынша Лидия Ануфриева, Елена Парфентьева екінші, Мәдина Ташкенбаева, Анастасия Халикова үшінші орындарды еншіледі.

Әйелдер арасында өз салмақ дәрежелері бойынша Галина Мамотова (Қарағанды облысы), Карина Горичева (Алматы облысы), Гүлнәз Наурызова (Алматы қаласы), Анна Нұрмұхамбетова (Ақмола облысы), Александра Аборнева (Оңтүстік Қазақстан облысы) жеңімпаз атанды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив