KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Шығыс Қазақстанда 15 күннің ішінде жарты тоннаға жуық заңсыз ауланған балық тәркіленді

3.06.2013, 18:00 217


2013 жылдың 16 сәуірі мен 30 мамыры аралығында тыйым салынған балық өндірісінің су қоймалары (учаскелерде) және ерекше күзетілетін табиғат аумағында, уылдырық шашу кезеңінде балықтарды заңсыз аулауға жол бермеу бойынша мемлекеттік балық күзеті органдарына көмек көрсету, балық қорларының сақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының Зайсан-Ертіс бассейні аумағында браконьерліктің жолын кесу және балық ресурстарының сақтылығын қамтамасыз ету бойынша кешенді іс-шаралар өткізілді ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Акция барысында облыстағы ішкі істер органдары балық инспекциялары, жануарлар әлемін сақтау бойынша жедел жасағымен бірге 115 рейдтік шаралар өткізді. Ішкі істер органдарымен заңсыз балық аулаудың 190 фактісі анықталған, алынғаны: 430 кг. заңсыз ауланған балық, 270 құқық бұзушылықта жасалатын қарулар, соның ішінде 203 ау және 20 қайық.

Салынған шығын сомасы 375 300 теңге, оның ішінен 50 600 теңге алынған. ҚР ҚК 287 бабы (Балық ресурстарын және басқа да су жануарлары мен өсiмдiктерiн заңсыз алу) бойынша 1 қылмыстық іс қозғалды. ҚР ӘҚБтК 298-1 1 б. (Балық аулау және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау ережелерiн бұзу) бойынша - 120 әкімшілік хаттамалар толтырылды, 624 500 теңге сомасында айыппұл салынды, оның ішінен 588 300 теңге алынды. Сотқа ҚР ӘКБтК-тің 298-1 б. 2 б. бойынша 68 материал жолданған. Сот 45 материалды қарастырып, 860 600 теңге сомасында айыппұл салынып алынды.

Тік ұшақтармен әуеден патрульдеу оң нәтижесін берді. Уылдырық шашу кезеңі басталғаннан бастап Бұқтырма және Шүлбі су қоймаларына, Марқакөл мемлекеттік қорығы акваторияларында 5 ұшу жүргізілді, онда заңсыз балық аулаудың 8 фактісі анықталды. Сондай-ақ, Зайсан көлі акваторияларында 10-24 мамыры аралығында «Марс-700» амфибийлдік қайығымен жұмыс жасалды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив