KZ
Өскемен
+7°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

2012 жылы шығысқазақстандықтар 2,5 миллион теңгенің киносын тамашалады

2.06.2013, 18:00 244


Өткен жылы қазақстандық кинопрокатшылар 10 миллиард теңге табыс тапты. Бір жылда 13 миллион билет сатылып, 420 киносеансы көрсетілген, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ranking.kz сайтының деректеріне сәйкес, Шығыс Қазақстанда 2012 жылы көрсетілген 17715 киносеансқа 445 334 адам келген.

Сарапшылардың мәліметтеріне сүйенсек, тұрғындардың отандық киноиндустриясына деген қызығушылықтары арттқаны байқалады. ШҚО-да ұлттық фильмдердің 937 сеансы ұйымдастырылса, оларды 7830 адам тамашалаған.

Кино көрсетуден түскен кірістердің 39 пайызы немесе 3,9 миллиард теңге Алматы қаласына тиесілі. Пайданың төрттен бір бөлігі астаналықтардың үлесінде, (2,5 миллиард теңге) Бұл тізімде шығысқазақстандықтар 2,5 миллион теңгемен тоғызыншы орынға іліккен .

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив