KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, З
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

«Қазақстанның үздік тауарлары - 2013» облыстық байқау-көрмесі болып өтті(+сурет)

2.06.2013, 18:00 167


Өскемендегі «Үлбі» орталық мәдениет үйінде «Қазақстанның үздік тауарлары - 2013» облыстық байқау-көрмесі болып өтті. Өнеркәсіп, азық-түлік тауарлары және қызмет көрсету саласы бойынша ұйымдастырылған көрмеде сексеннен астам кәсіпорын өз өнімдерін ұсынды. Тауарлар көрмесінің ашылу салтанатына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, онда қойылған өнімдермен танысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Қазақстанның үздік тауарлары - 2013» облыстық байқау-көрмесі болып өтті(+сурет)Импорттық тауарлар алдында отандық өндірушілердің бәсекелестігін арттыру, тұтынушылардың қазақстандық өнімдерге деген сұранысын ұлғайтуды мақсат тұтқан көрме-байқауға Шығыс Қазақстаннан бөлек Қарағанды, Павлодар облыстарынан, сондай-ақ, көршілес Ресейдің Алтай өлкесінен де арнайы келген өкілдер болды. Қонақтар көрменің байқау шартына қатыспағанымен, өз өнімдерін шығысқазақстандықтарға кеңінен көрсетуге мүмкіндік алды.
Айта кету керек, бұл көрмеде үздік шыққан жергілікті тауар өндірушілер биылғы желтоқсан айында Астана қаласында өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына үміткерлер ретінде республикалық байқауға қатысу мүмкіндігіне ие болады және облыс намысын қорғайды.

«Қазақстанның үздік тауарлары - 2013» облыстық байқау-көрмесі болып өтті(+сурет)
«Қазақстанның үздік тауарлары - 2013» облыстық байқау-көрмесі болып өтті(+сурет)

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Дамыған отыз елдің қатарынан көріну үшін отандық тауар өндірушілердің өнімі бәсекеге қабілетті болуға тиіс» деген міндеттемесін орындауға бағытталған мұндай көрмелер алдағы уақытта кәсіпорындар қызметін ынталандыра түсетіні даусыз.

– Бүгінгідей бәсекелестік жағдайында сапалы, тұтынушылардың жоғары сұранысына ие болған, тиісті сертификаты бар тауарлар ғана өмір сүре алады. Мемлекет басшысының осы бағытта берген тапсырмасын сіздер жақсы білесіздер. Еліміз әлемдегі экономикасы дамыған отыз елдің қатарына енсін десек, бүгінгі заманның сұранысын өтейтін сапалы тауарлар шығаруымыз қажет. Сондықтан жыл сайын біз үздік тауарлар көрмесін өткізіп келеміз. Басты мақсат – облыстағы, көршілес өңірлердегі шығарылып жатқан тауарларды сатып алушыларға кеңінен таныстыру. Облыста 280-ге жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың түгелінде халықаралық стандарттар-ға сай келетін сертификаттары бар. Келешекте осындай кәсіпорындардың санын арттыра түсу басты мақсаттарымыздың бірі болып табылады. Біз өзіміздің тауар өндірушілерді «Қазақстандық үлесті» арттыруда қолдауымыз керек, ал олар өз кезегінде мемлекеттік және жекеменшік компаниялардың барлығымен тығыз байланысты жұмыс істеуі тиіс. Импортты азайтып, экспортқа шығару жолын-да тер төгу қажет. Кедендік одақтың, Еуразиялық қауымдастықтың мүмкіндігін пай-даланғанымыз жөн. Мен облыс басшылығы атынан Ресейдің Алтай аймағынан, өзіміздің Қарағанды, Павлодар облыстарынан келген көрмеге қатысушы кәсіпорын басшыларына рақметімді айтамын. Осы байқаудың жеңімпаздары Астанада өтетін «Алтын сапа» көрмесіне біздің облыстың атынан қатысатын болады, – деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

«Қазақстанның үздік тауарлары - 2013» облыстық байқау-көрмесі болып өтті(+сурет)
«Қазақстанның үздік тауарлары - 2013» облыстық байқау-көрмесі болып өтті(+сурет)

Мұнан соң Ресейдің көршілес Алтай аймағының Бийск қаласынан келген «Источник» компаниясының жетекшісі Евгений Аренов сөз алып, тауар өндірушілерге мұндай мүмкіндік жасап отырған облыс басшылығына ризашылығын білдірді. Кәсіпорын өртке қарсы қолданылатын заттар мен құрал-жабдықтарды шығарумен айналысады.

Көрмеде әдеттегідей сан-салаға қажетті техника мен азық-түлік тауарлары, киім-кешек, аяқкиім, жиһаз және басқа да көптеген бұйымдар қойылған. Олардың ішінде «Азия Авто» АҚ-ның соңғы үлгідегі жаңа көліктері, Семейде шығарылатын автобустар мен тракторлар, қарда, батпақта жол талғамай жүруге арналған арнаулы мақсаттағы «Тұлпар», ауа райының кез келген қолайсыз жағдайына қарамастан халыққа медициналық жәрдем көрсетуге ұмтылатын «Пульс» секілді техникалар бар. Сондай-ақ, Павлодар мен Қарағанды қаласынан келген компаниялардың өнімдері де облыс басшылығының және жұртшылықтың қызығушылығын тудырғанын атаған орынды.
– Жыл сайын халыққа сапалы өнімдерді жеткізуге тырысамыз. Біздің балымызды сонау Германиядан келіп, үйімізден алып кетіп жатады. Бағасы да базарға қарағанда әлдеқайда арзан. Әлеуметтік жауапкершілікті де естен шығарған емеспіз, – дейді Катонқарағай ауданының Коробиха ауылынан келген «Крис-талл» шаруа қожалығының жетекшісі Евгений Ершов. Ол жұбайы Ольга екеуі 27 жылдан бері бал өндіруді кәсіп етуде. Бұлардың балы былтырғы халықаралық бал фестивалінде үздік деп танылыпты.

Сонымен үздік тауар өндірушілер байқауының қорытындысы үш бағыт бойынша жария етілді.

«Өнеркәсіп мақсатындағы үздік тауарлар» аталымында бірінші орынды семейлік «Семей инжиниринг» АҚ, екінші орынды «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС, үшінші орынды зыряндық «Бұқтырма цемент компаниясы» АҚ жеңіп алды.

«Үздік азық-түлік тауарлары» аталымы бойынша Семейдегі «Приречное» Агрофирмасы» ЖШС, ұландық «Багратион-2», өскемендік «Пасека» шаруа қожалықтары жеңімпаз атанды.

Ал үшінші «Халыққа арналған үздік та-уарлар» аталымында өскемендік «КЭМОНТ», катонқарағайлық «Рахман қайнарлары» ЖШС, өскемендік «Өскемен конденсатор зауыты» АҚ-ы жеңімпаздар қатарынан табылды.

Бұдан бөлек тағы жеті аталым бойынша үздіктер анықталып, марапатталды. «Көрермендер көзайымы» аталымына үш кәсіпорын – аягөздік жеке кәсіпкер У.Мамышева, абайлық «Бек» шаруа қожалығы, бесқарағайлық жеке кәсіпкер В.Кузнецов лайық деп танылды.

«Белсенді қатысқаны үшін» аталымымен бородулихалық жеке кәсіпкер Ю.Лазоренко, шемонайхалық «Востоксельхозпродукт» ЖШС, глубокоелық «ШҚ Ауыл шаруашылық саласындағы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС марапатталды.

«Өнімдердің кең түрлілігі» аталымы бойынша тарбағатайлық жеке кәсіпкер С.Молдаханова, көкпектілік «Фацелия» шаруа қожалығы марапатталды.

Ал «Жоғары дәрежедегі дизайн үшін» Күршім ауданынан келген жеке кәсіпкерлер Л.Кәкімова мен М.Рамазанов аталса, «Өңірде баламасы жоқ өнім үшін» аталымында «КазРосПромАрматура» Өскемен зауыты» ЖШС танылды.

«Өнімнің жаңа түрін шығарғаны үшін» аталымында катонқарағайлық «Кристалл» шаруа қожалығы, үржарлық жеке кәсіпкер Ш.Баиянов, «Инновациялық технологияларды енгізгені үшін» аталымында зай-сандық «СМУ-Шығыс» ЖШС және жармалық «Қазақцемент» ЖШС жеңімпаз атанды.

Жиналған жұрт көрмеге қойылған заттарды тамашалап қана қоймай, өздері қалаған тауарларын сатып алды. Әсіресе, өткен жылы халықаралық бал фестивалінде бас жүлдені иеленген Катонқарағайдың балын сатып алушылар қатары көп болды.

Дәурен Аллабергенұлы
Суретті түсірген С.Суров

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив