KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 9 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Семей қаласындағы кинотеатрда жарылғыш зат табылған жоқ

2.06.2013, 18:00 92


Семей қаласындағы кинотеатрда жарылғыш зат табылған жоқ , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі қалалық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басқармада түсіндіргендей, сол уақытта ғимаратта көрермендер болмаған. Сол себепті қфзметкерлерді ғана басқа жаққа көшіруге тура келген. «Ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ» деген полиция қызметкерлері қазір осы оқиғаға қатысты қылмысты іс қозғалып, жедел-здестіру шаралары жүріп жатқанын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 3-мамырда сағат 14-00-де Семей қаласында «102» телефонына «Еңлік-Кебек» кинотеатрына жарылғыш зат қойылғаны жайлы хабар түскен болатын. Оқиға орнына барлық қызметтер жедел жетті. Қуанышқа орай, телефон хабары жалған болып шықты.

"Телефонды белгісіз қыз шалды» дейді төтеншеліктер.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив