KZ
Өскемен
+4°
переменная облачность Штиль
448.81 476.82 4.77

Ертегіге бергісіз мереке балғындардың көңілінен шықты (+сурет)

31.05.2013, 18:00 290


1-маусым - жадыраған жаздың ең алғашқы ғажайып қақпасы ашылар керемет шақ. Көңілдері шат, жүздері бал-бұл жанып, жүректері лүпілдей соққан бүлдіршіндердің төл мерекесі. А. С. Пушкин атындағы кітапхана осы күні Солжағалаудағы балалар үйі мен Н. К. Крупская атындағы интернатта тәрбиеленуші балдырғандарға арнайы мерекелік бағдарлама ұйымдастырды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Ертегіге бергісіз  мереке балғындардың көңілінен шықты (+сурет)Мерекенің шымылдығын «Найма» бишілер тобы «Қара жорға» биімен ашты. Бағдарламаны балғын балалар өз қиялындағы ертегі кейіпкерлерімен жалғастырды. Алдар Көсе мен Дюймовочка өнерлі балалардың көмегімен Шапокляктан жаздың кілтін алып, Жаз аруды қарсы алады. Кілтті қолға түсіргеннен кейін жаз мерекесі көңілді жалғасын тапты. Сүйікті кейіпкерлерімен бірге балалар кітапхананың жазғы алаңында ойындар ойнап, викториналар шешті. Асфальтқа балалар өз қолдарымен әр түрлі суреттер салды. Ал көрмеде ұсынылған қызықты мазмұны мен көздің жауын алар суреттермен безендірілген кітаптар, мерзімді басылымдар танымдық мәліметтер беріп қана қоймай, ертегілер еліне саяхат та жасатты.

Ертегіге бергісіз  мереке балғындардың көңілінен шықты (+сурет)
Ертегіге бергісіз  мереке балғындардың көңілінен шықты (+сурет)
Ертегіге бергісіз  мереке балғындардың көңілінен шықты (+сурет)

Ал Америка мәдени орталығында ағылшын тілі курсына қатысатын оқырмандарымыз «Үйшік» ертегісінен ағылшын тілінде қуыршақ театры қойылымын ұсынды. Жыл бойы үйірмелерге қатысып қағаз бен тұзды қамырдан бұйым жасаудың шеберіне айналған балалар өз шеберліктерін басқа балаларға үйретті. Оқырманымыз Құралдық Аяулымның шырқаған әні, «Юность» клубы балаларының өнері, «Найма» бишілер тобының мың бұралған билері, «ВИТА» кәсіпорындар тобынан ұсынылған балалардың сүйікті мультфильмдерінің кейіпкерлері мерекеге сән берді. Мереке соңынан бүлдіршіндерге кітапхана мамандары түрлі-түсті кітаптар сыйға тартты.

Ертегіге бергісіз  мереке балғындардың көңілінен шықты (+сурет)
Ертегіге бергісіз  мереке балғындардың көңілінен шықты (+сурет)
Ертегіге бергісіз  мереке балғындардың көңілінен шықты (+сурет)
Ертегіге бергісіз  мереке балғындардың көңілінен шықты (+сурет)
Ертегіге бергісіз  мереке балғындардың көңілінен шықты (+сурет)
Ертегіге бергісіз  мереке балғындардың көңілінен шықты (+сурет)

Балалық шақтың ең тамаша мейрамы, кішкентай қонақтарымыздың көңілінен шығып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив