Зырян ауданындағы «Квелле» неміс этномәдени бірлестігі «Горняк» мәдениет үйінде «вальс кешін" өткізді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі
Би мерекесіне жиналған өнерсүйер қауымның ішінде Зырян қаласы әкімі Л.А. Гречушникова, аудандық Мәслихат хатшысы Г.В. Денисова болды.
«Сириус» балдық би ансамблі мен неміс ЭМБ фольклор тобы бастаған кеште бал қонақтары да барлық би компазицияларына қатысып, бойларын жазды. Зырян ауданының әкімі Е.Б. Сәлімов осындай тамаша кеш ұйымдастырушыларына алғысын білдірді.
Аудан басшысы «Квелли» неміс ЭМБ жетекшісі В.Э Иглеваға мен неміс фольклор өкілдеріне естелік сыйлықтар тарту етті.
Мәлімет көзі: Altaynews.kz