KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, С
447.4 477.55 4.76

ШҚ Жарма ауданының мұғалімі «Жылдың үздік мұғалімі- 2013» атанды

30.05.2013, 18:00 215


Шығыс Қазақстан облысындағы білім беру ұйымдарының мұғалімдері арасында «Жылдың үздік мұғалімі- 2013» байқауы өткізілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Заманауи педагогикалық тәжірибеде және қызметіндегі кәсіби жаңашылдықта жоғары жетістіктерге жеткен педагогтардың беделін арттыру мақсатында ұйымдастырылған байқауды «Үздік жыл мұғалімі-2012» байқауының жеңімпазы, Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған №34 мектеп-лицейінің биология пәнінің мұғалімі О.А. Астраханцева ашты.
ШҚ Жарма ауданының мұғалімі «Жылдың үздік мұғалімі- 2013» атанды
Байқауға қалалар мен аудандардан 16 мұғалім қатысып, екі кезең бойынша таныстырылым жасады. Сайыс қорытындысымен әділқазылар алқасының төрағасы, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың профессоры А.К. Игібаева таныстырды.

Бас жүлдеге Жарма ауданы, Суықбұлақ орта мектебінің математика және физика пәнінің мұғалімі Тоғызбаева Лариса Рудольфовна лайық деп танылып, республикалық кезеңге жолдама алды.

ШҚ Жарма ауданының мұғалімі «Жылдың үздік мұғалімі- 2013» атанды
ШҚ Жарма ауданының мұғалімі «Жылдың үздік мұғалімі- 2013» атанды
ШҚ Жарма ауданының мұғалімі «Жылдың үздік мұғалімі- 2013» атанды

I орынды Семей қаласындағы Ш.Уалиханов атындағы дарынды ер балаларға арналған «Жас ұлан» мектеп-лицей-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Каржикова Дария Саметовна, II орынды Тарбағатай ауданы, Сәтбаев ауылы, Көктүбек орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Қамзанова Айжан Қамзақызы, III орынды Зайсан ауданы, Қаратал ауылы, Қаратал орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Кенжалина Айжан Сейтказиновна, Бородулиха ауданы, Камышенская орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі Сафронова Галина Васильевна, Катонқарағай ауданы, Е.Рыков атындағы орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Саниязова Райхан Ғалымжановна иеленді.

Үржар ауданы, М.Горький атындағы орта мектептің ағылшын тілінің мұғалімі Шәкібаева Индира Сұлтанқызы «Шығармашыл ұстаз» атанса,Бесқарағай ауданы, Үлкен Владимировка орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Хамитова Дина Темешқызы «Жаңашыл ұстаз» деп танылды.

«Құзіретті ұстаз» аталымына Аягөз ауданы, №5 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Жолдыбаева Раушангүл Тұрсынханқызы лайық, «Білікті ұстаз» номинациясы Курчатов қаласындағы мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Токмурзина Рысалды Мұратбекқызына берілді.

Күршім ауданы, №5 Күршім орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Жакуперова Айзада Солтанқызы «Шебер ұстаз», ал «Талантты ұстаз» деп Семей қаласы, Чернышевский атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектептің биология пәнінің мұғалімі Коновалова Светлана Николаевна танылды.

«Білім беру үздігі» - Өскемен қаласы, Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-гимназиясының физика пәнінің мұғалімі Муртазалиева Анаргүл Аманғазықызы, «Озық ойлы ұстаз» - Риддер қаласы,№14 орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Игнатова Ирина Викторовна, «Талантты жас ұстаз» номинациясымен Зырян қаласындағы мектеп –лицейдің ағылшын тілінің мұғалімі Елисова Елена Алексеевна, «Заманауи ұстаз» Көкпекті ауданы, Көкпекті орта мектебінің биология және география пәнінің мұғалімі Искакова Зухра Нұрлыхаққызы атанды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив