KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

«Рудный Алтай» 95-ке толды

30.05.2013, 18:00 253


Кенді Алтайда үлкен той. Кеше «Шығыс-Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты облыстық «Рудный Алтай» газеті өзінің 95 жылдығын атап өтті. Ұлы Ахаңның, Ахмет Байтұрсыновтың сөзімен айтқанда «халықтың көзі, құлағы һәм тілі» болған өңірлік газет ақсақал жасына жетті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

95 жыл. Әрине, аз жас емес бұл. Мерейтой құрметіне жиналған қауым ең алдымен газет тарихы жайындағы бейнефильмді де тамашалады. Бейнефильмді тамашалап отырып, газеттің сонау «Голос Алтаядан» «Рудный Алтайға» дейінгі жүріп өткен жолы тағдырлы тарихқа толы екеніне көзіміз жете түседі. Осы аралықта газеттің атауы да «Информационный бюллетень», «Смычка», «Крестьянский труд», «Большевик Алтая», «Знамя коммунизма» болып бірнеше рет өзгеріпті. Газет бүгінгі «Рудный Алтай» атауына 1963 жылдың 1-мамырында ие болған.

«Рудный Алтай» 95-ке толды«Рудный Алтайдың» тарихы – бұл тұтастай өңірдің өткені мен бүгіні. Әр нөмірін қолыңа алсаңыз, Қазақстан халқының жүрегінің лүпілі мен тынысы, демі сезіліп тұрады. Ендеше газеттің мерейтойы – бүкіл қазақ баспасөзінің мерекесі екені сөзсіз.

Той қашан да ақ тілектерімен есте қалады ғой. Бұл күні С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың бас ғимаратына алыс-жақыннан жиналған қауымның ешқайсысы ақ жарма тілектерін аяп қалған жоқ. Шын жүректен шыққан ыстық лебіздер жиналған қауымның жүректеріне жылы тиіп жатты. Шығыс өңіріндегі басты газеттердің бірін мерейтойымен облыс басшысы Бердібек Сапарбаев құттықтады.

«Рудный Алтай» 95-ке толды– Әрбір адам үшін ең қымбат нәрсе, ол – ақпарат. Тез, дер кезінде жеткен ақпаратты рухани байлық деп те айтуға болады. Міне, осынау байлықты еселеуде «Рудный Алтай» газетінің орны бөлек. Менің өзім де осы газеттің журналистерімен бірге жүремін. Олардың өз кәсібін қалай жанкештілікпен атқаратынына тәнтімін. Газет – бұл қарапайым халық пен биліктің арасындағы көпір. «Рудный Алтай» газеті өңірдегі ғана емес, бүкіл еліміздегі ең үздік газеттердің бірі, – деп өзінің жүрекжарды лебізін жеткізген облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ газет ұжымына «Нива» автокөлігінің кілтін табыс етті.

«Рудный Алтай» 95-ке толдыСонымен қатар облыс әкімі облыстық «Рудный Алтай» газетінің бірқатар қызметкерлеріне Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттар тапсырды. Олардың арасында газет редакторы В. Дубровский, редактордың орынбасары Л. Рябцовская, экономика бөлімінің меңгерушісі В. Минченко, ардагер журналист Ш. Әзмұхамбетов және тағы басқалар бар.

«Рудный Алтай» газетінің қазақ баспасөзіндегі өзіндік орны жайында еліміздегі журналистика академиясының президенті, тарих ғылымдарының докторы, профессор Сағымбай Қозыбаев та өзінің құттықтау сөзінде ерекше атап айтты. Шығыс өңірінде жаңа газет тұсауын кескен сол бір 1918 жылы елімізде барлығы он екі газет жарық көріпті. Мұның бәрі – қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығаштары. Ол уақыт, әрине, жаңа қоғамның іргетасы қаланып жатқан қиын жылдар болатын. Соған қарамастан, «Голос Алтая» газеті өз заманының үні бола білді. Осы газеттің қабырғасында қызмет істеген талай журналистер кейін қайраткерлік деңгейге көтерілді. Тіпті, Кеңес Одағының алғашқы ақпарат министрі де осы газеттен түлеп ұшқан көрінеді.

Еліміздегі журналистика академиясының президенті Сағымбай Қозыбаев осынау мерейтойға құр қол келмеген екен. Ол облыстық «Рудный Алтай» газетінің ұжымына академияның жоғары жалпыұлт-тық «Алтын жұлдыз» сыйлығын тарту етті.

«Рудный Алтай» 95-ке толдыГазеттің мерейтойына арналған салтанатты жиында «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ президенті Жанай Омаров, Қазақстан Президенті баспасөз қызметінің Алматыдағы өкілдігінің жетекшісі Валерий Жандәулетов те сөз сөйледі. Олардың әрқайсысы «Рудный Алтай» газетінің ең үздік қазақстандық басылым екендігіне ерекше тоқталып өтті.

Алыстан ат арытып келген қонақтар газеттің бірқатар қызмет-керлеріне еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет граматоларын табыс етті.

Иә, бұл күні газет редакциясының ұжымын басқалармен бірге өнер адамдары да құттықтауға асықты. Өңірімізге аты мәлім әнші Евгений Выблов бастаған күміс көмей әншілер мен мың бұралған бишілер өздерінің өнерін тек қана «Рудный Алтай» газетінің ұжымына арнады. Қалам ұстаған әріптестеріміздің әрқайсысының құшағы гүлге толды.

Айтылған әрбір ізгі тілектер олардың жүздерін қуанышқа бөледі. Облыстық «Рудный Алтай» газеті ұжымының осынау қуанышына дидарлықтардың да ортақ екенін айтқымыз келеді. Қуаныш қуанышқа ұлассын!

Мейрамтай Иманғали
Суреттерді түсірген Е.Орынбаев.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив