KZ
Өскемен
небольшая облачность жел 2,5 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Биыл Шығыс Қазақстанда сегіз инвестициялық жоба жүзеге асырылады

30.05.2013, 18:00 108


Биыл Шығыс Қазақстанда сегіз инвестициялық жоба жүзеге асырылып, мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Оларға барлығы 13,5 млрд. теңге қаржы жұмсалмақ. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Шәкәрім Бұқтұғұтов аймақтағы үдемелі индустриялық-инновациялық даму мәселесіне арналған кезекті үйлестіру кеңесінде осындай мәлімет берді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Сонымен үстіміздегі жылдың алғашқы жартысында Ұлан ауданында «Айтас ШК» ЖШС-нің үй құсы еті мен ірі қара етінен жасалған өнімдер өндірісі, Семейде «Alina Pro» ЖШС-нің жұқа түйіршікті толтырғыштар өндірісін ұлғайтуға арналған зауыт құрылысы, Зырян ауданында «Мелада» ЖШС демалыс үйі базасын салу, Аягөз ауданында «Қамқор Локомотив» ЖШС-нің вагон қақпақтарын шығаратын өндіріс орны, Өскеменде «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ жанындағы «Посук Титаниум» ЖШС-нің титан құймалары өндірістері іске қосылмақ.

2013 жылдың екінші жартысында Аягөз ауданында «Тасқара» ЖШС-нің «Тасқара» алтын айыру фабрикасы, Семейде «Сәт Транс» индустриялық құрылыс комбинаты мен «Технология камфорта» ЖШС-нің құрылысқа арналған қолғаптар өндірістері жұмысын бастамақ.

Кеңесте облыс басшысы Б.Сапарбаев өзінің бірінші орынбасары Е.Көшербаев пен Ш.Бұқтұғұтовқа Зырян ауданындағы «Мелада» демалыс базасының, Семейдегі «Технология камфорта» сияқты бірқатар маңызды кәсіпорындардың жұмыстарын қолдауды, оларды туристермен, әлеуетті тұтынушылармен қамтуды тапсырды.

Биыл сондай-ақ, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне қосымша 32 инвестициялық жоба бойынша материал жолданған, оның 17-сін биылдан бастап жүзеге асыра бастау жоспарланған екен.

Алайда, аталған министрлікте аймақтың Индустрияландыру картасына осы 17 жобаның 10-ын ғана енгізуге келісім беріліп, бекітіліпті.

32 жобаның қалған 15-і Үдемелі индустриялық даму бағдарламасының мақсаттарына сәйкес келмейді деген уәжбен қайтадан қаралуға жіберілген. Одан басқа жеті жоба өзекті бола тұрғанымен құжаттарының дұрыс жасалмауына, толықтыруларды қажет етуіне байланысты бекітілмеген.

Жанаргүл Мұқатай

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив