Өскемен
-2°
снег ветер 8 м/с, ЮВ
461.33 501.65 5.1

Шығысқазақстандық оқушылар әлемдік әдебиетті еркін меңгергендерін танытты

29.05.2013, 18:00 164 0


«Жанды классика» республикалық байқауынан Шығыс Қазақстанның оқушылары жақсы көрсеткіштермен оралды. Байқау қорытындысы бойынша Анна Шмигельская III дәрежелі дипломмен, Фируза Хазанова грамотамен марапатталды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аталмыш байқауды балалардың орыс және әлемдік әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Ресей Федерациясының баспа және бұқаралық байланыстары Федералды агенттігімен бірлесіп ұйымдастырды.

Тұңғыш рет мектеп, лицей және гимназиялардың 6-сынып оқушылары арасында өткен сайыстарға еліміздің түкпір-түкпірінен 23 үміткер қатысты.

Шығыс Қазақстанның намысын Өскемен қаласындағы № 23 орта мектебінің 6-сынып оқушысы Фируза Хазанова мен № 10 мектеп – гимназиясының 6-сынып оқушысы Анна Шмигельская қорғап қайтты.

Байқау қорытындысы бойынша Анна Шмигельская III дәрежелі дипломмен, Фируза Хазанова грамотамен марапатталды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




164
0
00

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив