KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 6 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Шығыстың хоккейшілерін енді ресейлік жаттықтырушы баптайтын болды

29.05.2013, 18:00 122


«Казцинк-Торпедо» хоккей клубына жаңа жаттықтырушы келді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шығыстың хоккейшілерін енді ресейлік жаттықтырушы баптайтын болды.

Ресейдің еңбегі сіңген бапкері Владимир Плющев өскемендік клубпен әзірге бір маусымға – 2014 жылдың 30сәуіріне дейін келісімшартқа отырды.

Владимир Анатольевич Плющев 1955 жылы 2 тамызда дүниеге келген. Әскери хоккей мектебінің тәрбиеленушісі. 1997 жылы Ресей хоккей федерациясының заң кеңесшісі, одан кейін Казаньдағы «Ақ Барыс» командасын баптады. 2000 жылғы жасөспірімдер арасында әлем чемпиондарының бапкері, 2001 жылғы 18 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпиондарын тәрбиелеген,1998 жылы Еуропа чемпионатында қола жүлдегер атанған, 2001,2002 жылдары Әлем чемпионы атанған Ресей жастар құрамасының бас жаттықтырушысы. 2003 жылғы Әлем чемпионатында Ресей құрамасының бас бапкері, 2009-2010 жылдарда Ресей жастар құрамасының бас бапкері. Ресейдің еңбегі сіңген бапкері.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив