KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, З
445.66 474.58 4.78

Бүгін өскемендіктер көшелерде кітап оқумен айналысты (+сурет)

28.05.2013, 18:00 277


Бүгін облыс орталығында ұйымдастырылған «Өскемен - оқырман қала» жалпықалалық акциясы қалалықтар мен қала қонақтарын үнемі және барлық жерде бірге кітап оқуға шақырды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бүгін өскемендіктер көшелерде кітап оқумен айналысты (+сурет)Акция аясында А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапхана түрлі ұрпақ кітап құмарларының, жас баладан кемел жасқа дейінгі адамдардың қызығуына жауап беретін ауқымды бағдарлама ұсынды. Кітапхана алды алаңында күні бойы жазғы оқу залы ашық жұмыс істеді. халықтың емін-еркін кітап оқуға, әдеби-көркем, танымдық және көпшілік журналдарды қарауға, аудио-, бейне-, CD дискілермен танысу мүмкіндігі болды. Мұнда «Адамзат игілігіне ұсынылған идеялар» хит-парады аясында 60-томдық «Нобелевские лекции на русском языке» басылымы, Нобель сыйлығы лауреаттары туралы және осы сыйлыққа ие болған жазушылардың шығармалары ұсынылды.

Бүгін өскемендіктер көшелерде кітап оқумен айналысты (+сурет)
Бүгін өскемендіктер көшелерде кітап оқумен айналысты (+сурет)
Бүгін өскемендіктер көшелерде кітап оқумен айналысты (+сурет)
Бүгін өскемендіктер көшелерде кітап оқумен айналысты (+сурет)

«Өскемен – оқырман қала», ол қандай? «Микрофон алдында» Александр Егоров, Борис Щербаков, Серік Ғабдуллин, Мүсілім Құмарбеков, Бақытжан Раисова және т. б. жерлес жазушылар, кітапқұмарлар өздерінің алғашқы кітаптары, сүйікті авторлары мен шығармалары туралы әңгімеледі. Мерекеге қатысқан қонақтар өздері оқыған кітаптары жайында әңгімелеп, қызықты кітаптарды оқуға ұсынды, кітаптан шағын үзінділер оқыды. Сонымен бірге, кітапхана қазақстан жазушыларының шығармаларының ізімен түсірілген кинофильмдерді көруге шақырды.

Мерекелік акция Республика алаңындағы Абай ескерткішінің жанында жалғасты. Ұйымдастырушылар Қазақстан көшесі бойымен, А.С.Пушкин кітапханасынан Абай ескерткішіне дейін және кері қарай оқырмандар, Мадагаскар мультфильмі кейіпкерлерінің қатысуымен флеш моб өтіп, жастар қала халқын кітап оқуға шақырды.
Сондай-ақ мерекелік акцияға жол полициясының қызметкерлері араласты. Республика алаңында кітапханашылар мен Жол полициясының қызметкерлері тоқтатқан автокөлік жүргізушілері ақын-жазушылар еңбектерінен үзінділер оқып, өлеңді жалғастыр, кітаптың авторын тап деген сияқты викториналарға қатысып, сыйлықтарға ие болды.

«Кітап ал, оқы!» буккроссингі орталық базар, батырлар аллеясы, Қазақтелеком, Республика алаңдарында кез келген адам алып оқуы үшін кітаптар қалдырылды. Буккроссинг тәртібі бойынша оқырман кітаптың орнына өз кітабын қалдыруы тиіс. Немесе алған кітапты оқығаннан кейін, оны басқалар оқуы үшін кез-келген қоғамдық орында (саябақ, дәмхана, автобекет ...) қалдыруы керек. Бұл кезде Абай және Пушкин ескерткіштері жанында, батырлар аллеясында әдеби саяхат өткізілді.

«Өскемен – оқырман қала!» акциясына қала тұрғындары виртуалды қатысуға мүмкіндік алды. Кітапхана сайтында (www.pushkinlibrary.kz) виртуалды сөре-көрмелер, көне басылымдар, бейнероликтер ұсынылған онлайн оқу залы ашылды. Онлайн оқу залы виртуалды оқырмандардан кітап оқуды ілгері жылжыту туралы идеялар, сүйікті кітаптары туралы қызықты ой-пікірлер мен түсініктемелер алуға үміттенеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив