KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Оралхан әлемі әдемі әспеттелді

28.05.2013, 18:00 123


Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және қалалық орталық кітапхана жазушы О.Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің XVI дәстүрлі қалалық байқауын өткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Абай атындағы Мемлекеттік және Жастар сыйлығының, Бүкілодақтық Н.Островский атындағы әдеби сыйлықтың иегері, көркемсөздің хас шеберінің алдағы 70 жылдық мерейтойына орай өткізілген байқауға қатысқан оқушылар мен гуманитарлық және техникалық колледждің студенттері үш кезең бойынша: прозадан, поэзиядан және драмадан үзінді оқып, бақ сынасты.

Шара Жамбыл атындағы облыстық драма театры актерлерінің орындауындағы жазушының «Бес тиын» пьесасынан қойылған үзіндімен шымылдығын түрді.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдемен №44 мектептің оқушысы Маржан Мүслімбекова (ол 14 маусымда өтетін облыстық байқауға жолдама алды) алқаланса, 1-орын Жамбыл атындағы гимназия-интернаттың оқушысы Қарагөз Әбеноваға, 2-орын техникалық лицей-интернаттың атынан қатысқан Ерлан Марғұланға бұйырды. Ал 3-орынды Жамбыл атындағы гимназия-интернаттың тағы бір оқушысы Шырай Мұхамедқалымова иеленді. Бұлармен қатар Жадыра Көпен «Актерлік шеберлігі үшін», ал Айзат Қабденова «Көрермендер көзайымы» аталымымен марапатталды.

Сөйтіп, байқауға қатысушы жас таланттар Оралхан шығармаларының құдіретін тағы бір мәрте танытты.

Айжан Тоқтасынқызы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив