KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 5 м/с, З
447.4 477.55 4.76

Үш күнде көлікті мас кезінде басқарған 86 жүргізушінің жолы кесілді

26.05.2013, 18:00 192


Облыс аумағында өткізілген «Қауіпсіз жол» акциясының аясында көлікті мас кезінде басқарған 86 жүргізушінің жолы кесілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық жол полициясы басқармасының деректеріне сүйеніп.

Шара барысында жол қозғалысы ережесін бұзған барлығы 3326 факті тіркелді. Олардың 955 жылдамдықты шамадан тыс арттыру, 301 басып озу тәртібін сақтамау және 65 қарсы жолаққа шығып кетуге қатысты.

Сонымен қатар жол сақшылары үйлену тойы картеждерінің жүргізушілерімен олардың және жолаушыларының жол ережелерін бұзбауы туралы 56 әңгіме өткізді.

Облыстық маңызы бар 1621 шақырым жол тексеріліп, жол-коммуналды қызметі кәсіпорындарына кемшіліктерді жою жөнінде 28 ескерту жасалды. Жолдарды дұрыс күтпеген 10 лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды.

Аудандық маңызы бар жолдардың да жағдайлары мәз емес екені белгілі болды. Зерттелген 1209 шақырым жолға қатысты 35 ескерту беріліп, 4 лауазымды тұлға жауапқа шақырылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив