KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Аймақ басшысы моноқалаларды аралады

25.05.2013, 18:00 182


Шығыс Қазақстан облысы әкімі Бердібек Сапарбаев іссапармен Зырян ауданында болып, Серебрянка және Зырян сияқты моноқалалардың тұрғындарымен кездесті , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Қазір Серебрянка органикалық емес өнімдердің зауытының өндірісі төмендеген. Кәсіпорын негізінен рынокта сұранысқа ие өнеркәсіптік және тұрмыстық өнімдер шығарғанымен бұл зауыттың қаржылық проблемаларын шеше алмай отыр.

Аймақ басшысы моноқалаларды араладыАймақ басшысы Зырян мен Серебрянканың жылу орталықтарындағы жөндеу жұмыстарымен танысты.

Зырян қаласындағы қала активімен кездескен Бердібек Сапарбаев ауданның бүгінгі дамуы оның потенциалына сай келмейтінін айтты. Соңғы жылдары аудан бюджеті 500 миллионнан 4,2 миллиард теңгеге дейін өскенімен бұл көрсеткішпен шектелмеу қажеттігін ескертті Б.Сапарбаев.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив