KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 11 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Шығыс Қазақстандағы Күршім және Маралды өзендерінің арнасы қалыпқа түскен

22.05.2013, 18:00 358


ШҚ Күршім ауданындағы Күршім және Маралды өзендерінің суы қатты жауған жаңбырдың салдарынан шекті деңгейден асып кетті. 22-мамырдағы сағат 19.00-дегі мәлімет бойынша өзен суларының арнасы қалыпқа түскен, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметіне жүгініп.

Маралды өзені 160 см ( шекті деңгей -210), Күршім өзені 140 см (шекті деңгей-180). Күршім-Вознесенка су бекетінде 352 см (шекті деңгей-310).

«23-мамырдағы сағат 6.00-дегі мәліметке жүгінсек, өзендердің деңгейлері төмендегідей: Маралды -160 см, Күршім- 140 см, Күршім-Вознесенка су бекеті -322 см. Қазір өзендердің арналары қатаң бақылауға алынған. Су астында қалған елді мекендер тіркелген жоқ. Күршім-Маралды бағытындағы жолдардан су қайтып кетті. Маралды-Үшбұлақ бағытындағы жолдардың бойындағы Сегізбай, Сансы, Қиынбұлақ учаскелерінде де су орнына келді», деп түсіндірді облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінің маманы Жанар Сағидолдина.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив