KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 11 м/с, С
444.22 476.38 4.82

Өскеменде «Min Tech-2013» халықаралық көрмесі ашылды (+сурет)

21.05.2013, 18:00 209


Бүгін Өскеменде «Min Tech-2013» халықаралық тау-кен, металлургия және көмір өнеркәсібі құрал-жабдықтары мен технологиялары көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі болды. Оған облыс әкімінің орынбасары Жомарт Мұратов, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Шәкәрім Бұқтұғұтов және басқа да жауапты адамдар қатысты. Денешынықтыру-сауықтыру кешенінде ашылған бұл көрме үш күн бойына жалғасады.

Өскеменде «Min Tech-2013» халықаралық көрмесі ашылды (+сурет)
Өскеменде «Min Tech-2013» халықаралық көрмесі ашылды (+сурет)

13-рет өткізіліп отырған көрменің ұйымдастырушылары – КАЗЭКСПО халықаралық көрме компаниясы. Аталмыш шараға әлемнің 9 елінен 80-нен астам жетекші құрал-жабдықтар мен технологиялар өндіретін компаниялар келіп қатысуда. Атап айтқанда, Австрия, Германия, Швеция, Швейцария, Ресей, Қытай сынды алпауыт мемлекеттердің өндірушілерімен қатар қазақстандық кәсіпорындар да төл өнімдерін көпшілік назарына ұсынды. Көрмеде әр түрлі жаңа геологиялық барлау, тау-кен жұмыстары, өнеркәсіпті байытуға арналған құрал-жабдықтар қойылды. Сонымен қатар бұрғылау техникалары, геодезияда, геофизикада және құрылыста қолданылатын навигация құрылғылары, көміртек және коррозияға шыдамды құрыштардан жасалған жылу алмасу жабдықтары, индустриялық химия өнімдері және тағы да басқалары.

Өскеменде «Min Tech-2013» халықаралық көрмесі ашылды (+сурет)
Өскеменде «Min Tech-2013» халықаралық көрмесі ашылды (+сурет)
Өскеменде «Min Tech-2013» халықаралық көрмесі ашылды (+сурет)

– Облыс үшін көрменің маңызы зор,– дейді облыс әкімінің орынбасары Жомарт Мұратов. – Тау-кен саласы мен металлургия – Шығыс Қазақстан экономикасының негізі .

Бұл ауқымды шараға алғаш қатысып отырған компаниялар арасында қазақстандық «КЭМОНТ» АҚ, «SamsungEnergyGroup» ЖШС, «Гранд-моторс» ЖШС бар. Бастапқы жылдары көрмеге негізінен шетелдік компаниялар қатысса, қазір біздің отандық кәсіпорындар үлесі қақ жартысын құрайды.

Өскеменде «Min Tech-2013» халықаралық көрмесі ашылды (+сурет)
Өскеменде «Min Tech-2013» халықаралық көрмесі ашылды (+сурет)
Өскеменде «Min Tech-2013» халықаралық көрмесі ашылды (+сурет)

Көрме аясында жеке қатысушы компаниялар өз өнімдеріне қатысты семинар-таныстырулар өткізіп, Өскемендегі «Қазцинк» ЖШС, «Востокцветмет», «ТМК» АҚ сияқты жетекші кәсіпорындарды аралап, танысуға мүмкіндік алады.


ШҚО ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив