KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, С
446.49 475.38 4.79

«Алтай – біздің ортақ үйіміз» Халықаралық үйлестіру кеңесінің 12-отырысы Ресейде өтті

20.05.2013, 18:00 197


Ресей Федерациясы Алтай өлкесі Белокуриха қаласында «Алтай – біздің ортақ үйіміз» Халықаралық үйлестіру кеңесінің 12-отырысы өтті.

Кеңес 10 жылдан бері өз міндетін нәтижелі атқаруда. Ал мақсат – аймақтар мен мемлекеттер, ұйымдар арасында өзара байланыс механизмдерін шығару болатын.

Естеріңізге сала кетсек, «Алтай – біздің ортақ үйіміз» Халықаралық үйлестіру кеңесін (ХҮК) 2003 жылы Алтай өлкесіндегі алты аумақтың басшылығының заң шығарушы органдары құрған. Олар – Алтай өлкесі мен Алтай Республикасы (Ресей), Шығыс Қазақстан облысы (Қазақстан), Синьцзян-Ұйғыр автономды ауданы (Қытай), Баян-Өлгий және Ховд аймақтары (Монғолия). ХҮК қызметіне ғалымдар мен қоғамдық ұйым өкілдері белсене қатысуда. Жалпы, ұйымның өзі солардың ниетімен құрылған болатын.

Келісім бойынша Кеңес төрағалығы бір тараптан келесісіне кезекпен өте береді.
Шекаралас аймақтардың өкілдері ХҮК төрағасы Борис Лариннің ұйымның 2012-2013 жылдар қорытындылары және серіктестік болашағы туралы баяндамасын тыңдады. Негізінен, Үлкен Алтай аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуы және халықаралық серіктестік тиімділігін арттыру мәселелері талқыға салынды.

«Алтай – біздің ортақ үйіміз» Халықаралық үйлестіру кеңесінің 12-отырысы Ресейде өттіХҮК жобаларын әрі қарайғы дамыту және оларға қолдау көрсету мәселелері де жан-жақты қарастырылды. Атап айтқанда, «Алтай-алтын таулар» трансшекаралық маршруты, «Трансшекаралық Алтай» интернет-сайты, Алтай аймағы студенттерінің халықаралық жазғы мектебі, «Өз үйіңнен баста» балалар қоғамдық экологиялық экспедициясы, Қазақстан, Қытай, Монғолия және Ресей арасындағы ғылыми-техникалық және экономикалық серіктестік бойынша халықаралық конференциясы, Үлкен Алтай ЖОО-лары ректорларының кеңесі және т.б.
Бұдан басқа, «Алтай» ХҮК қызметінде басымды бағыт ретінде Шанхай ынтымақтастық ұйымымен қарым-қатынасты дамыту аталды.

Қатысушы елдерге сауда-экономикалық серіктестік аясында Үлкен Алтай аймақтарында өткізілетін іс-шараларға қатысу туралы ұсыныс жасалды.

2013-2014 жылдары мынадай іс-шаралар өткізелді деп жоспарлануда: халықаралық азық-түлік форумы (2013 жылдың 24-26 шілдесі, Ресей Федерациясы, Алтай өлкесі Барнаул қаласы), ресей-монңол тауарларының халықаралық жәрмеңкесі (2013 жылдың шілде-тамыз айлары, Ресей Федерациясы, Алтай өлкесі Ташанта кенті), «Қытай-Еуразия ЭКСПО» халықаралық көрмесі (2-7 қыркүйек, Қытай Халық Республикасы, Синьцзян-Ұйғыр автономды ауданы Үрімші қаласы), халықаралық бал фестивалі (2013 жылдың тамыз айы, Өскемен қаласы, Шығыс Қазақстан облысы), «Ховд-Инвест» халықаралық форумы (2014 жыл, Ховд қаласы, Ховд өлкесі, Монғолия), «Баян-Өлгий – 2014» халықаралық жәрмеңкесі (15-18 шілде, 2014 жыл, Өлгий қаласы, Баян-Өлгий аймағы, Монғолия).

«Алтай – біздің ортақ үйіміз» Халықаралық үйлестіру кеңесінің 12-отырысы Ресейде өттіШығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Халықаралық кеңес қызметі Үлкен Алтай трансшекарасының даму беталысы туралы ортақ пікір бекітуге әсер еткенін атап өтті. Бірегей биоаймақтың жалпыадами құндылықтарын сақтап қалу бағытында да бірқатар істің басы қайырылған.

-Шығыс Қазақстанда табиғи қорықтар мен саябақтардың, резерваттардың аумағы 2 млн гектарға жуық аумаққа жеткені, ал ұзын саны 14-ке жеткені біздің жетістігіміз болып табылады, - деді ол өз баяндамасында. - біздің жетекші сыртқы серіктестеріміздің тізімін көршілеріміз – Ресей Федерациясының Алтай өлкесі мен Қытай Халық Республикасының СҰАА бастап тұр. Сыртқы сауда айналымында өзара тиімді серіктестік негізінде экспорт үлесін әрбір алтайлық субъектіден арттыра түсуге тырысудамыз. Біз үшін жалпыгуманитарлық байланыстардың дамытуы да біздер үшін маңызды болып табылады.

Бұдан басқа Сапарбаев мырза Үйлестру кеңесінің осынау күрделі заманға қарамастан, барша шақырулар мен сұраныстарға мән беріп, ғылыми күштерді тарта отырып, жасыл технологияларды насихаттай отырып, назар аударатынын баса айтты.

-Шығыс Қазақстан үшін мұның маңызы ерекше. Себебі біздің ел ЭКСПО-2017 халықаралық форумын өткізуге әзірленуде. Біз осы бағыттағы алтайлық серіктестеріміздің тәжірибесін мұқият зерделеп отырмыз және болашағы бар жобалардың авторларын серіктестікке шақырамыз, - деді ШҚО әкімі.

Отырыс барысында халықаралық серіктестікті дамытуға зор үлес қосқаны үшін ХҰҚ-тың 40 мүшесі Құрмет грамоталарымен наградталды.

«Алтай – біздің ортақ үйіміз» ХҰҚ келесі отырысы 2014 жылы Шығыс Қазақстанда өткізіледі деп жоспарлануда.


ШҚО ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив