KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

Семейде қазақстандық-американдық агроинновация орталығы ашылды (+сурет)

20.05.2013, 18:00 160


Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде қазақстандық-американдық агроинновация орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Орталықтың ашылу салтанатына қала әкімі Айбек Кәрімов, Шәкәрім атындағы СМУ ректоры Шәріпбек Әмірбеков, америкалық серіктестік тарапынан доктор PhD Тревис Мэддок қатысты.

А. Кәрімов ғылыми орталықтың ашылуымен құттықтай отырып, атқарушы билік тарапынан барынша қолдау білдірілетіндігі жайлы атап өтті.

Семейде қазақстандық-американдық агроинновация  орталығы ашылды (+сурет)
Семейде қазақстандық-американдық агроинновация  орталығы ашылды (+сурет)
Семейде қазақстандық-американдық агроинновация  орталығы ашылды (+сурет)

Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің хабарлауынша, таныстырылым барысында белгілі болғандай, орталықтың ашылуындағы мақсат – ауыл шаруашылығы ғылымы саласында ғылыми зерттеулер жүргізу, сонымен қоса Қазақстанның солтүстік-шығыс аймақтарындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге сапалы кеңестік және әдістемелік көмек беру.

Орталықтың құрамына азық-түлік қауіпсіздігі, ветеринарлық диагностикалық препараттарды жасау, жем сапасын бағалау, экологиялық, эмбриондарды трансплантациялау және жасанды ұрықтандыру зертханалары кіреді.

Семейде қазақстандық-американдық агроинновация  орталығы ашылды (+сурет)
Семейде қазақстандық-американдық агроинновация  орталығы ашылды (+сурет)
Семейде қазақстандық-американдық агроинновация  орталығы ашылды (+сурет)

Орталықтың ашылуына Шәкәрім атындағы СМУ мен Солтүстік Дакота университеттері (АҚШ) бастамашы болды. 2012 жылдың қараша айында АҚШ университетінің өкілдері Шәкәрім атындағы СМУ келіп, орталықтың жай-жапсарын талқылаған болатын. Ал, 2013 жылдың сәуірінде Солтүстік Дакота университетінде екі университет қарым-қатынасы туралы меморандумға қол қойылды.

Солтүстік Дакота штаты АҚШ-тағы алдыңғы қатардағы аграрлық орталық болып есептеледі. Американдық шаруа қожалық иелерінің тәжірибелерімен бөлісуі жергілікті ауыл шаруашлығы өнімдерін өндірушілерге жаңа мүмкіндіктер береді, бұл Қазақстанның аграрлық секторының жаңғыртылуына игі әсер етпек.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив