KZ
Өскемен
+15°
небольшая облачность жел 7 м/с, СБ
445.66 474.58 4.78

Жас инспекторлар отрядтарының үздіктері анықталды (+сурет)

20.05.2013, 18:00 355


Өскемен қаласының № 9 мектебі базасында жас жол қозғалысы инспекторларының (ЖҚИ) слеті өтті. Облыстың қалалық және аудандық слеттерінің жеңімпаздары «Балдаурен» балалар сауықтыру орталығында орын алатын республикалық слетке қатысу құқығы үшін бақтарын сынады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

10 түрлі сайыстарға тек балалар ғана емес, үлкендер де – педагогтар мен жол полициясы қызметкерлері де қатысты. ЖҚИ отрядтарының жетекшілері жаңа технологияларды қолдана отырып, жол қозғалысы ережелері жөнінде ашық сабақ, ал жол полициясы қызметкерлері 30 секунд созылатын балалардың жолдағы-көліктегі жарақаттануын ескерту жөніндегі бейнеролик ұсынды.

Жас инспекторлар отрядтарының үздіктері анықталды (+сурет)
Жас инспекторлар отрядтарының үздіктері анықталды (+сурет)
Жас инспекторлар отрядтарының үздіктері анықталды (+сурет)

Қалған сегіз сайыстарға ЖҚИ жасақтарының дайындығы талап етілді, командалық біріншілікте – үгітбригадалар сайысы, саптық байқау, «Менің отрядым» фото- және бейнепрезентациясы, ал жеке біріншілікте – «жас санитар», «жас реттеуші», «жол қозғалысы білгірлері», «жас ойлылары», «велосипедті өрнектеп жүргізу» сайыстары бойынша өнерлерін көрсетті.

Жас инспекторлар отрядтарының үздіктері анықталды (+сурет)
Жас инспекторлар отрядтарының үздіктері анықталды (+сурет)
Жас инспекторлар отрядтарының үздіктері анықталды (+сурет)
Жас инспекторлар отрядтарының үздіктері анықталды (+сурет)

Жалпы сынақ нәтижелері бойынша республикалық слетте Шығыс Қазақстанның намысын қорғау құқығын Өскемен қаласының ЖҚИ отряды ұтып алды. Екінші орынға Зайсан ауданының, үшінші орынғаа Үржар ауданының ЖҚИ отрядтары лайық деп танылды.


P.S. Қазіргі күнде Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарының жалпы білім беру мекемелерінде жеті мың оқушылардың басын қосатын 710 жас жол қозғалысы инспекторларының отрядтары әрекет етеді. Жасөспірімдердің барлық насихаттау жұмысы негізгі мақсатқа жету үшін – балалардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған


Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив