KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
447.4 477.55 4.76

Өскемен қаласында бір күнде 19 адам өрттен құтқарылды, ішінде балалар да бар

19.05.2013, 18:00 198


Облыстық ТЖД-нің хабарлауынша, Өскемен қаласында 9 және 5 қабатты тұрғын үйлерде шыққан өрт кезінде барлығы 19 адам құтқарылды, олардың 6-уы балалар. Тағы 40 тұрғын басқа жаққа көшірілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыс орталығындағы Космос көшесінің бойындағы бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында тілсіз жай 30 шарша метр аумақты жалмады. Пәтердің есік, терезе жақтаулары, жиһаз бен жеке заттар жанып кеткен. Осы аласапыраннан құтқарушылар 10 тұрғынды құтқарып қалды, олардың 3-уі балалар.

Осыған ұқсас тағы бір төтенше оқиға Новаторлар көшесіндегі тоғыз қабатты үйде тіркелді. Тұрғын үйдің электр желілері жанған.

Дер кезінде жеткен өрт сөндірушілер 9 адамды өрттен алып шықты, ішінде 3 бала бар. Бұдан басқа 25 тұрғын басқа жаққа көшірілді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив