KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
449.58 486.94 4.86

Шемонайха ауданында әйелдер форумы өтті

19.05.2013, 18:00 107


Шемонайха ауданының Мәдениет үйінде «Әйелдер –қоғамның қозғаушы күші» атты әйелдер Форумы өтті , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Форум қатысушыларының назарына «Әйел қолының шеберлігі» атты қолданбалы қол өнер көрмесін ұсынылды. Гендерлік стратегияның тепе-теңдігін іске асыру жөнінде Шемонайха ауданы әкімінің орынбасары О.А. Булавкина, Первомайка ауылдық әйелдер кеңесінің жұмыс тәжірибесі жөнінде кеңес төрайымы Л.В Эртман өз ойларымен бөлісті. Бұдан басқа «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын іске асыру, «Әйел және бизнес» «Әйел және дін» тақырыптары қозғалды.

Алқалы жиында 2013 жылдың ең үздік отбасылары анықталып, марапатталды. Үлгілі жанұялар құрметіне ауданның шығармашылық топтары мерекелік концерт қойды.

Г. Бекетаева


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив