KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Вице-министр Өскемен қаласындағы білім мекемесінің құрылысына бөлінген бюджетік қаржыны талан-таражға салды деген күдікпен ұсталды

19.05.2013, 18:00 253


ҚР Қаржы полициясының агенттігі білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметов пен «ҚР білім және ғылымның салынып жатқан нысандары дирекциясы» ЖШС-нің бас директоры А.Пакты ұстады қаржы полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

« 2013 жылдың 29-сәуірінде Каржы полициясы агенттігі Өскемен қаласындағы 700 орындық білім мекемесінің құрылысына бөлінген 1,5 млрд.теңге бюджеттік қаржыны талан-таражға салу фактісі бойынша қылмысты іс қозғады. 14-мамырда жоғарыдағы қылмысты жасады деген күдікпен ҚР білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметов пен «ҚР білім және ғылымның салынып жатқан нысандары дирекциясы» ЖШС-нің бас директоры А.Пак ұсталды », делінген баспасөз парағында.

17-мамырда сотттың санкциясымен Саят Шаяхметов үй қамауына алынды, Пак тұтқындалды, делінген хабарламада.
Ранее по обвинению в причастности к данному преступлению арестован бывший генеральный директор ТОО «ЗАК Сервис» Р.Киреев.

Бұдан бұрын осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен «ЗАК Сервис» ЖШС-нің бұрынғы бас директоры Р.Киреев қамауға алынған болатын.

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив